«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Бион-М» ғарыш аппараты ұшырылды

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше астана уақыты бойынша 16:00-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран тасымалдағышымен «Бион-М» ғарыш аппараты ұшырылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомствоның атап өтуінше, зымыран ұшыру штаттық бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Ұшырумен байланысты орын алуы мүмкін салдарды жою үшін 19 сәуір күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін ҚР ТЖМ Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің барлық апаттық құтқару күштері мен техникасы күшейтілген дайындық режімінде болды.

Соңғы жаңалықтар