«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Интелсат-23» ғарыш аппараты сәтті ұшырылды

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 14 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 14:37-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан
None
None

«Протон-М» зымыран-тасымалдағышы бар «Интелсат-23» ғарыш аппараты ұшырылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нен.

Ракетаның ұшырылуы штаттық бағдарламаға сәйкес өтті. Ұшырылумен болуы мүмкін зардаптарды жою үшін сағат 12:37-ден 15:37-ге дейін ҚР ТЖМ-нің Қызылорда, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша Төтенше жағдай департаменттерінің құралдары мен апаттық-құтқару күштері жоғары дайындық күйінде болды.

Соңғы жаңалықтар