«Байқоңыр» ғарыш айлағында алдағы сапарларға дайындық жүруде

«Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ғарыш айлағының 31-ші алаңындағы құрастыру-сынақтан өткізу корпусында Intelsat-15 американдық телекоммуникациялық ғарыш аппаратымен жұмыстар басталды.
Шетелдік мамандар, «Южный» ғарыш орталығының қызметкерлерінің қолдауымен Intelsat-15 ғарыш аппаратының автономиялық сынағына кірісті.
Intelsat-15 ғарыш аппаратын орбитаға алып шығатын «Зенит-2SБ» ғарыш кемесін ұшыру ұшу сапары қараша айының соңына жоспарланған.
«Ресейғарыш» мамандары сондай-ақ құрастыру-сынақтан өткізу корпусының 254-ші алаңында «Союз ТМА-17» ғарыш кемесінің жүйелерін автономиялық тексеруге кірісті. «Союз ТМА-17» кемесі кезекті экспедициямен Халықаралық ғарыш стансысына 2009 жылы желтоқсан айының соңында аттанады.