17:11, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Байқоңыр» ғарыш айлағында халықаралық ғарыш стансысына ұшатын кезекті экипажға мүше мемлекеттердің тулары көтерілді
БАЙҚОҢЫР. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Байқоңыр» ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш стансысына ұшатын «Союз ТМА-М» кемесінің ұшуына соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Өткен сенбі күні ғарыш алаңына келген экипаждың негізгі мүшелері Александр Калери, Олег Скрипочка, Скотт Келли, сондай-ақ олардың дублерлері Сергей Волков, Олег Кононенко, Рональд Гаран кеше ғарыш айлағының 254 сынақ алаңында «Союз ТМА-М» кемесінің алғашқы дайындығын өткізді, деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.
Бүгін таңтертең «Ғарышкер» сынақ жүргізетін оқу-жаттығу кешені ғимаратының алдында дәстүрлі ту көтеру рәсімі болды. Александр Калери, Олег Скрипочка, Скотт Келли, Сергей Волков, Олег Кононенко, Рональд Гаран Ресей, АҚШ және Қазақстан туын салтанатты түрде аспанға көтерді.