«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Прогресс М-05 М» жүк кемесін ұшыруға дайындық басталды

БАЙҚОҢЫР. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-05 М» жүк-көліктік кемесімен ғарыштық мақсаттағы «Союз-У» зымыранын ұшыруға дайындық бойынша жұмыстар жалғастырылуда, деп хабарлайды Ресейғарыш баспасөз қызметі.
None
None

Бүгін құрастыру-сынақ корпусының 112-інші алаңында Ресейғарыш мамандары жер орбитасына жүк кемесін алып шығу міндетін жүктеген ғарыштық мақсаттағы «Союз-У» зымырантасығышын дайындау жұмыстары жалғасуда. «Прогресс М-05 М» ғарыштық жүк кемесі сондай-ақ вакуумдық жағдайдағы герметикалық сынақтардан да өтуде.

«Прогресс М-05 М» жүк-көліктік кемесімен ғарыштық мақсаттағы «Союз-У» зымыранын Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшыру 2010 жылғы сәуірдің 28-інде мәскеу уақытымен 21 сағат 10 минутқа белгіленген.

Соңғы жаңалықтар