11:47, 28 Қазан 2009 | GMT +5
Байқоңыр қаласында 76 жұмыссыз жаңа мамандықты игеріп жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Байқоңыр қаласындағы қазақстандық құзырлы орында ресми тіркелген 76 жұмыссызға қысқа мерзімді тегін оқуға жолдама берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Белгілі бір мамандығы жоқ байқоңырлық бауырларымыздың ресейлік мекеме, кәсіпорындардың табалдырығын аттауы оңай емес. Әйтсе де, жалға алушылар тарапынан бірқатар кәсіп иелеріне сұраныс басым. Енді жолдама алғандар электрик, шаштараз, есепші мамандықтарын игереді. Бұл мақсат үшін мемлекет тарапынан 836 мың теңге қарастырылған.