Байқоңыр тұрғындары «Протонның» апатынан кейін медициналық көмекке жүгінген жоқ

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Протон-М» зымыран-тасығышының апатынан кейін қаланың және Қызылорда облысына қарасты іргелес аудандардың тұрғындары медициналық көмекке жүгінген жоқ.
None
None

Бұл туралы облыс әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, РИА «Жаңалықтар» хабарлайды.

«Байқоңыр қаласы бойынша Федералдық медициналық-биологиялық агенттігі (ФМБА) №1 медициналық-санитарлық бөлімі бастығының және Қазалы мен Қармақшы аудандары әкімдерінің мәліметінше, халықтың қандай да бір медициналық қызметке жүгінуі тіркелген жоқ», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Хабарламада атап өтілгендей, экологиялық қызметтің мамандары сағат 12.00-ге дейін топырақтағы, ауадағы және судағы улы заттар көлемінің шекті мөлшерін анықтау мақсатында сынамалар алынды.

Жедел штаб сағат 16.00-де Байқоңыр, Ақай және Төретам елді мекендерінде сынамаларды қайда алды. Оның қорытындысы бойынша улы заттардың жол берілуі мүмкін көлемі шектен аспағандығы анықталды.

Соңғы жаңалықтар