Байқоңырда арақ ішудің соңы кісі өліміне апарды

ҚЫЗЫЛОРДА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында бірге арақ ішкен үш адамның арасында жанжал шығып, соңы олардың бірінің өліміне апарып соқтырды.
None
None

Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма аға прокуроры Думан Әлиев мәлім етті.

«2011 жылғы 28 желтоқсанда сағат күндізгі 11 кезінде Байқоңыр қаласының тұрғыны бір танысын үйіне арақ ішуге шақырады. Сол жерде оларға күтпеген жерден шақырылмаған қонақ қосылады. Отырыстың басталғанына бір сағаттай болғанда үй иесі мен шақырылмаған қонақ арасында жанжал туады туады. Керістің қызған кезінде үй иесі дастарқан үстінде жатқан пышақпен әлгінің кеуде тұсынан ұрады. Бос шөлмекпен басынан соғады. Мұнымен қоймай, екінші рет қарсыласының жүрек тұсынан пышақ сұғады. Ауыр жарақаттанған жәбірленуші ес-түссіз құлап, оқиға болған жерде көз жұмған», - делінген хабарламада.

Ал қонаққа келген екінші жігіт өзінің көз алдында болған аса ауыр қылмыс жөнінде тиісті органдарға дер кезінде хабарламаған.

Тікелей адам өлтірген азамат 10 жылға бас бостандығынан айыруға кесілді. Ол бұл мерзімді қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейтін болады. Ал бұларға араша түсіп, қылмыстың алдын алмаған және оның орын алуы туралы хабарламаған екінші азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Соңғы жаңалықтар