10:25, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Байқоңырда қазақстандық банктің филиалы жұмыс істей бастады
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Байқоңыр қаласында Қазақстан Халық банкінің соңғы үлгімен жабдықталған кассалық-есептеу орталығы пайдалануға берілді.
Бұл орын ғарышты шаһардағы банктің алтыншы бөлімшесі саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қаланың 7-ші шағынауданында орналасқан орталық еліміздің ?Бір терезе? қағидасы бойынша жұмыс жасайды. Көпшілік кезекке тұрмай-ақ жаңа технология көмегімен барлық шаруасын тез әрі қиындықсыз атқара алады. Алдағы уақытта жұмыс ауқымы кеңейтіліп, көптеген қызмет түрлері ұсынылғалы отыр.