Байқоңырда «Прогресс М-16М» ғарыш кемесі ұшырылуға дайындалуда

БАҚОҢЫР. 27 шілде. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Прогресс М-16М» ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғастырылуда.
None
None

Ресейғарыштың баспасөз қызметі хабарлағандай, ғарыш айлағының 254 алаңында монтаждық-сынақ корпусының стендінде ғарыш кемесінің басты сүйірін монтаждау басталды.

«Прогресс М-16М» жүк кемесі бар «Союз-У» ғарыштық бағыттағы зымыранның ұшырылуы 2012 жылдың 1 тамызына жоспарланған.

Жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына ғылыми зерттеулерге және стансаға арналған құрал-жабдықтар, жанар-жағармай, ғарышкерлер үшін азық-түлік, су мен ауа сияқты 2,5 тоннадан артық жүкті жеткізуі тиіс.

Бұл жыл басынан бері ұшырылып отырған кеменің үшіншісі болып табылады. Бұған дейін 26 қаңтарда («Прогресс М-14М» жүк кемесі) және 20 сәуірде («Прогресс М-15М» жүк кемесі) ұшырылған болатын, деп атап өтті Ресейғарыш баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар