Байқоңырда «Протон-М» зымыранын ұшыруға дайындық жұмыстары жүруде

Кеше мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, «Астра-2Ж» ғарыш аппаратымен ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыраны шығарылып, ғарыш айлағы алаңының бастапқы кешенінде орнатылды. Алдағы күндердің жұмыс жоспарына сәйкес, ҒМЗ аппаратурасы мен бастапқы алаңның жер үстіндегі қондырғысы, зымыран-тасығышқа жанармай компоненттері және тығыздалған газдың құйылуы тексеріледі, деп хабарлады «Роскосмостың» баспасөз қызметі. Байқоңыр ғарыш айлағынан биылғы жылы жетінші рет ұшырылғалы отырған «Протон-М» зымыран-тасығышын «Астра-2Ж» еуропалық ғарыш аппаратының белгіленген (алдын ала дайындалған) орбитаға шығару керек. Зымыран-тасығышты 2014 жылдың 28 қарашасында ұшыру жоспарланған. Astra 2G/«Астра 2Ж»/ телекоммуникациялық ғарыш аппараты Airbus Defence and Space-пен SES (Люкскембург) жер серігі байланысы операторының тапсырысымен дайындалған.