Байқоңырда «Протон» жарылысы соңынан жаңбыр жауғаны жақсы - Т.Мұсабаев

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Байқоңырдағы жарылыстан кейін оның салдарын жоюда жаңбырдың жауғаны жақсы болды. Бұл туралы «Қазғарыш» басшысы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
None
None

«Біздің мәліметтерге орай жағдай былай қалыптасты: сол қанаттағы 81-алаңнан ұшқан зымыранның 10-15 секундтан кейін 1-сатысының қозғалтқышы істен шығып, соның салдарынан зымыран жерге құлаған. Бортында шамамен 600 тонна гептил, амил, керосин мен оттегі болған. Үрейді басу үшін тек бір ғана нәрсе айта аламын, біздің мәліметтеріміз бен тәжірибемізге сәйкес, мамандар болған жайтты, бір уақытта оттегі, гептил мен амил бактарының құлағанын болжап біліп отыр, олар жерге жанасып, құлаған сәтте жарылыс шығып, адам үшін аса қауіпті гептил толығымен жанып кетеді. Аса токсинді емес, бірақ халық үшін зиянды азот қышқылға айналады. Соның негізінде аспанға топырақ тәрізді жер массасы көтеріліп, сары-қоңыр түсті бұлт түзіледі, бірақ ол аса қауіпті емес», - деді «Қазғарыш» төрағасы.

Т. Мұсабаевтың айтуынша, «апат салдарынан 3 улы құйрықты бұлт түзілген: біреуі қалаға қарай, екіншісі Қармақшыға қарай, үшіншісі Қазалыға қарай бет алған».

«Апат соңынан жаңбырдың жауғаны жақсы болды. Жаңбырдан кейін улы бұлт жерге қарай түсе бастады. Сондықтан құйрықты бұлттың қалдықтары елді мекендерге көп мөлшерде жетпеуі де мүмкін», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум