Байқоңырда «Союз ТМА-06М» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуына дайындықтар жүруде

  БАЙҚОҢЫР. 13 қазан. ҚазАқпарат - Бірнеше күн бұрын «Байқоңыр» ғарыш айлағына келген Халықаралық ғарыш стансасының 33/34 ұзақ мерзімді экспедициясының экипаждары кестеге сәйкес ұшу алдындағы дайындықтарды жүргізуде.  
None
None

Негізгі экипаждың мүшелері - Ресейғарыштың ғарышкері Олег Новицкий, Евгений Тарелкин және НАСА ғарышкері Кевин Форд, сондай-ақ олардың дублерлары, реселік ғарышкерлер Павел Виноградов, Александр Мисуркин және американдық ғарышкер  Кристофер Кэссиди ғарыш айлағының 254-алаңының жөндеу-сынау корпусында орналасқан «Союз ТМА-06М» басқарылатын транспорттық ғарыш кемесінде алғашқы жаттығуларды өткізді.

«Союз ТМА-06М» басқарылатын транспорттық ғарыш кемесі мен 33/34 ұзақ мерзімді экспедициясының экипажы бар «Союз-ФГ»  зымыран-тасымалдағышы Халықаралық ғарыш стансасына 2012 жылдың 23 қазанында ұшырылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар