Байқоңырдағы Қазақстан азаматтарының коммуналдық қызмет шығындарын жабуға көңіл бөлініп отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Байқоңыр қаласындағы Қазақстан азаматтарының коммуналдық қызмет шығындарын жабу үшін үстіміздегі жылы республика бюджетінде 161 млн. 930 мың теңге қаралған,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30 млн. теңгеге артық. Сондай-ақ «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес әлеуметтік жұмыстарға 150 адам жұмылдырылып, жастар тәжірибесіне 200 маман тарту көзделуде. Жыл басынан бері құзырлы орынға ресми тіркелген 45 жұмыссыз салалық ұжымдарға қабылданған.

Соңғы жаңалықтар