Байқоңырдан бір айлық тыйым салудан кейін «Протон-М» зымыран тасығышы ойдағыдай ұшырылды

ЙҚОҢЫР. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бүгін Астана уақытымен 04 сағат 47 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының №821 алаңынан Ресей Қорғаныс министрлігінің ғарыш аппаратымен және «Бриз-М» үдету блогымен «Протон»М» зымырантасығышы ұшырылды.
None
None

М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зымырантасығышты ұшыру қалыпты режимде өткен. Ұшырылғаннан кейін 9 минут өткен соң құрамында ғарыш аппараты мен «Бриз-М» үдету блогы бар орталық блок «Протон-М» зымырантасығышының үшінші сатысынан ажыратылған және дербес ұшуды жалғастырған. Ғарыштық аппарат «Бриз-М» блогынан ұшудан кейін 9 сағаттан соң, Астана уақыты бойынша 13 сағат 48 минутта ажырмақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Байқоңырдан» 2011 жылы 18 тамызда ұшырылған ресейлік жаңа «Экспресс-АМ4» байланыс спутнигі есептік орбитаға шығарылмағаннан кейін «Ресейғарыш» «Протон» зымырынтасығыштарын ұшыруды әзірлеуге тыйым салған еді.

Тамыздың 30-ында ведомстволаралық комиссия «Экспресс-АМ4»-тің есепті орбитаға шығармылмауы себебі «Бриз-М» блогының басқару жүйесінде болған ақаудан екенін анықтап, «Протондарды» ұшыруға тыйым салуды алып тастады.

Соңғы жаңалықтар