Байқоңырдан ХҒС-қа соңғы «Прогресс М-29М» ұшырылды
«Прогресс М-29М» ғарыш кемесімен «Союз-У» есептелген уақытта ұшырылды. Кеменің ұшуы алтысағаттық «қысқа» схемамен жүргізілуде. Кеменің стансамен түйісуі 2 қазанда мәскеу уақытымен 01.40-қа белгіленген», - деді агенттік сұхбаттасушысы.
Жүк кемесі ХҒС экипажына әртүрлі тәттілер, вафли, конфеттер және шоколад, жас жемістер жеткізеді. Сондай-ақ жеке сәлемдемелерге шырындар, жеміс пюресі, төрт түрлі дәмдеуштер салынған.
«Прогресс М-29М» стансаға барлығы 2369 келі әртүрлі жүктер, соның ішінде 1549 келі «құрғақ» заттар, 350 келі отын, 420 литр су, 50 келі оттегі, ғылыми зерттеулер үшін приборларға материалдар, техникалық қызмет көрсету құралдары, ашық ғарышқа шығуды қамтамасыз ететін жабдықтар жеткізіледі.
«Прогресс М-29М» осы сериядағы соңғы кеме болмақ. Қараша айында жүк кемесінің жаңартылған моделі - «Прогресс МС» кемесін ұшыру жоспарлануда.