15:08, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Байқоңырдан «Прогресс М-07М» жүк кемесі бүгін ұшырылады
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - «Прогресс М-07М» жүк кемесі орнатылған «Союз-У» зымырантасымалдағышы Байқоңырдан бүгін мәскеу уақыты бойынша 14.22-де ұшырылады. Бұл туралы «Ресейғарыш» агенттігінен хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 8-інде ғарыш айлағындағы ауа райының қолайсыздығына орай, «Прогресс М-07М» жүк көлік кемесі орнатылған «Союз-У» зымыранын ұшыру қосымша уақытққа - 2010 жылғы қыркүйектің 10-ы, Мәскеу уақытымен сағат 14.22-ге ауыстырылған болатын.
Жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен қыркүйектің 12-сінде мәскеу уақыты бойынша 15.58-де түйіседі деп жоспарлануда.
Кеме Халықаралық ғарыш стансасына 2,5 тоннадай жүк жеткізеді.