10:27, 02 Тамыз 2012 | GMT +5
Байқоңырдан «Прогресс М-16М» жүк кемесі ұшырылды
АСТАНА: 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 01.35-те «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-У» № 134 зымыран тасымалдағышымен Прогресс М-16М» № 416 жүк кемесі ұшырылды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, зымыранның ұшырылуы штаттық бағдарлама бойынша жүзеге асты. Ұшырылуға байланысты болуы мүмкін кедергілерді жою үшін 1 тамыздан сағат 23.35-тен 2 тамыз сағат 02.35-ке дейін ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар, Қарағанды және Қызылорда қалаларының төтенше жағдай жөніндегі департаментінің құралдары мен апатты-құтқару қызметінің күштері жоғары деңгейде дайын тұрды.