10:58, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
Байқоңырлықтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Байқоңырлықтар Абай Құнанбаев атындағы даңғылдың бойындағы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи тұлғаның рухына тағзым етті.

Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыштық кешендегі арнаулы өкілі қызметін қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Ертай Жұмағазиев пен қалалық өзін-өзі басқару қоғамдық кеңесінің төрағасы Михаил Москалев, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы филиалының төрағасы Серік Шағатаев және оқу басқармасы бастығының орынбасары Жолмырза Құлмағанбетов сөз алып, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиеті атасының кемеңгер ойшылдығына тоқталды.