Байқоңырмен он-лайн тәртібіндегі жастар диалогы өтті

БАЙҚОҢЫР. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Байқоңыр жастары Шымкент қаласының «Достастық» халықаралық академиясы» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы ұйымдастырған «Достық, достастық, жетістік орбитасында» интернет-конференциясына қатысты.
None
None

Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, телекөпірге Мәскеу, Севастополь, Барселона, Гавана, Каян, Астана, Байқоңыр мен Шымкенттің жастар ұйымдары өкілдері қызу атсалысты.

Он-лайн конференцияға Байқоңырдың атынан «Космодром» әскери-патриоттық клубы мен «Жас Байқоңыр» жастардың еріктілер қозғалысының өкілдері, «Өрт сөндірушілер кадеті» мамандандырылған сыныптардың оқушылары мен «Үміт» бақылаусыз балаларға арналған әлеуметтік балалар лагерінің тәрбиеленушілері қатысты.

Телекөпір «Байқоңыр» ғарыш айлағының тарихы қалалық мұражайында өткізілді. Осы секілді халықаралық интернет жобаға тұңғыш рет қатысып отырған балалар өз құрбыларымен жастар проблемалары бойынша пікір алмасса, қалалық әкімшіліктің өкілдері «Байқоңыр» кешені туралы және осында тұратын жастардың өмірі туралы баяндап берді.

Соңғы жаңалықтар