Байланысшылар қайырымдылық акциясын өткізді - Қызылорда облысы
Байланысшылар балаларға құр қол келген жоқ. Балаларға компьютер, киімдер мен кітаптар сыйға тартты.
Облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Сәдібек Балтабайұлы мектеп бітіріп отырған 5 түлекке мектеп бітіру кешіне киетін киім табыстады. Мұндай акциялар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтып, балаларға еліміздің мақтан тұтар азаматы болып өсулеріне тілектестігін білдірді.
Сонан соң қонақтар балалардың арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Ал асханада балаларға тәттілермен толтырылған дастархан жайылды. «Біздің балалар - өте талантты. Үнемі республикалық, облыстық деңгейде өткізілген конкурстарға, спорттық шараларға қатысып отырады», - деді балалар үйінің директоры Лиза Ысқақова. Балалар үйінің тәрбиеленушілері Қызылорда ОТД басшылығына алғыстарын білдірді.