Байрақты бәсекеде Оңтүстіктің оғландары 5 алтын медаль еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның Благоевград қаласында армрестлингтен 38-шi әлем чемпионаты өттi. Оған жетпiске жуық елден 1500-дей спортшы қатысты, деп хабарлайды okg.kz.
None
None

Дүбiрлi сында Қазақстан құрамасының спортшылары жалпыкомандалық есепте екiншi орынға ие болды. Қоржынға түскен 13 алтын медальдiң 5-еуiн Оңтүстiк Қазақстан облысының өрендерi жеңiп алды. Осыдан-ақ облыс құрамасының айтулы сынға үлкен дайындықпен барғанын байқауға болады.

Болгария төрiнде жастар арасында 60 келiде Нұрдәулет Айдархан топ жарса, 65 келiде Талғат Ақтаев та қарсылас шыдатпады. Ал, 50 келiде Ердәулет Нұрмахан Әнұранымызды шарықтатты.

Ересектер арасында 60 келiде Нұрдәулет Айдархан екiншi алтын жүлдесiне иелiк еттi. Жұмыр жердiң кiл мықтыларын жеңген Шынболат Райханов 75 келi салмақ дәрежесiнде әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы сапынан Мағжан Шәмиев күмiс жүлдегер атанса, Қыдыр Өсербай мен Ләззат Мәлiкайдар қола медаль олжалады.

Қол күресiнен Қазақстанның көк туын желбiретiп жүрген жiгiттердiң басым бөлiгi Шардара ауданының сайыпқырандары. Оңтүстік Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы тарапынан бұл спортшылардың жарыстарға қатысуларына қолдау көрсетiлуде. Егер таяу уақытта армрестлинг жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасына енетiн болса, қазақтың бiлектi жiгiттерi мен арулары талай алтын жүлденi қоржынға салатынына көз жеткіздік.

Соңғы жаңалықтар