«Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «Баян Сұлу» АҚ экспорттық операциялары қаржыландырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасына (Қостанай қ.) 5 жыл мерзімге өнімнің экспорттық жеткізілуіне бағытталған қарыз берді.
None
None

Бұл туралы ҚДБ баспасөз қызметі хабарлады.

2 млрд теңгені құрайтын мәміле қазақстандық экспортшыны «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясат аясында қолдау мақсатында қаржыландырылды. Оның шарттары ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 23 сәуіріндегі №271 Қаулысымен бекітілген.

Жеңілдікті қарыз қаражаты шикізат (қант, какао-бұршақ, сірне, ұн, майлар), материалдар мен қаптаулар сатып алуға және дайын кондитерлік бұйымдарды одан әрі көбінесе Ресей Федерациясына экспорттауға жұмсалатын болады. «Баян Сұлу» АҚ алдағы он жыл ішінде кондитерлік бұйымдар экспортын - 2025 жылға дейін 40 000 тоннаға дейін екі еседен астам көлемге ұлғайтуды жоспарлайды. Осы ретте өнімді сатудан түсетін кіріс болжам бойынша 2015 жылы 6,2 млрд теңгеден 2025 жылы 14,8 млрд теңгеге дейін артады.

«Жеңілдікті қаржыландыру бізге өнімдерімізді сыртқы нарықтарға сату, сонымен қатар, сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан, кондитерлік бұйымдар экспортының көлемін арттыру мүмкіндігін береді. Мемлекет, «Бәйтерек» холдингі, Kaznex Invest тарапынан көрсетілетін қолдаудың арқасында біз кәсіпорнымызды одан әрі дамытуға айтарлықтай арзан және қолжетімді қаражат алдық», - деді «Баян Сұлу» АҚ басқарма төрағасының м.а.- президенті Тимур Садықов.

ҚР Ұлттық қорынан өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын қазақстандық тауарлардың экспортын қолдауға 2015 жылы ҚДБ арқылы 35 млрд теңге бөлінді. «Баян Сұлу» АҚ экспорттық операциясын қаржыландыру қарастырылған қаражат шеңберінде ҚДБ үшін екінші мәміле болады. Мұның алдында 7 млрд теңге көлеміндегі «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ экспорттық операциясы қаржыландырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум