«Бәйтерек» холдингінің Төрағасы мен АҚШ сауда министрінің орынбасары екі жақты әріптестіктің перспективаларын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Ерболат Досаев АҚШ-тың сауда министрінің бірінші орынбасары Брюс Эндрюспен кездесу өткізді.
None
None

Тараптар ынтамақтастықты одан әрі даму перспективаларын талқылады. Өз кезегінде Ерболат Досаев Қазақстанда іске асырылып жатқан жекешелендіру бағдарламасы туралы айтты. Холдингтің Төрағасы  аталған бағдарламаның ЭЫДҰ елдерінің стандартына сәйкес, экономикадағы мемлекеттік меншік үлесін ЖІӨ-нен 15%-ға дейін төмендетуге септігін тигізетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметінен.  

Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске  асыру үшін «Бәйтерек» холдингі жанынан жобалық офисі мен бәсекелі ортаға беруге ұсынылған активтер туралы барлық қажетті ақпараттар орналастырылған деректер базасы құрылған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іскерлік әріптестікте АҚШ компаниялары мен Холдинг арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.

 

Соңғы жаңалықтар