«Бәйтерек» жобасы Ресейден гөрі Қазақстан үшін аса маңызды - Т. Мұсабаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» кешені салынып жатқаны белгілі. Бұл Ресейден гөрі Қазақстанға аса қажетті кешен. Өйткені, Қазақстан әзірше ешқандай да ғарыштық держава емес. Әрине, бұл салада соншалықты түсініктері болмаса да бүгінгі БАҚ осылай жазып жүр. Яғни, ғарыш кеңістігінде спутнигіміз бола тұра, Қазақстан ғарыштық держава бола алмайды. Ал ғарыштық держава деп - өзінің жеке ұшыру құралдары болатын және өзінің жеке ғарыштық бағдарламаларын жүзеге асыра алатын мемлекеттер аталады. Ал Қазақстанда кәсіби Ұлттық ғарыш агенттігі құрылған 2007 жылға дейін бұл салаға қатысты ешқандай да қадамдар жасалған жоқ. Осы Агенттік үлкен жобаларды қолға алды. Бұндай жобалардың ауқымдысы гептильді зымырандарды жаңа, экологиялық қауіпсіз зымыран тасығышқа алмастыру болып табылады», деді ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.
Оның айтуынша, «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру Мәжілісте талқыланып отырған келісімнің қабылдануына тікелей байланысты болып отыр.