БЭК елдерінің бизнесі ортақ валютаға асқан қызығушылық танытып отырған жоқ - ЕЭК министрі Т.Сүлейменов

МӘСКЕУ. 18 қазан. ҚазАқпарат - Бірыңғай экономикалық кеңістікте ортақ валютаны құру туралы мәселе саясаттандырусыз, тек экономикалық алғышарттарға сүйене отырып шешілуі тиіс.
None
None

Бұл туралы Мәскеуде өткен «Ресей және Қазақстан: экономикалық және ғылыми ынтымақтастық, ықпалдастықтың болашағы» тақырыбында өткен конференцияда Еуразия экономикалық комиссиясының (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов айтты.

Т.Сүлейменовтың атап өтуінше, Қазақстан, Беларусь және Ресейдің экономикалық ықпалдастығы өңірдегі бірлесу процестерінің дамуына үлгі боларлық. Дегенмен, елдер өзара сауда үлесі 40-60 пайызға жететін ЕО, Солтүстікамерикандық еркін сауда аймағы (НАФТА), Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) сияқты өзге интеграциялық жобалардан анағұрлым қалыс қалуда.  

«Әзірше бізде өзара сауда үлесі 15-20 пайызды құрайды. Біз жалпы тауар айналымының бесінші бөлігіне де жетпейміз. Ұқсас жағдай қызметтермен алмасу және өзара инвестициялар салаларында да қалыптасып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ ЕЭК министрі БЭК үшін бірыңғай валютаны құру мәселесін күн тәртібіне қою әлі ерте деп атап өтті. Бұған үш ел арасындағы болмашы ақша ағымы кедергі болуда. Бүгінде Қазақстанның ЖІӨ-нің 200 млрд. доллар және Ресейдің - 2 трлн. доллар жағдайында тауарлардың өзара айналымы 24 млрд. АҚШ долларын құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум