Бекарыстан би ауылында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне орай Бекарыстан би ауылына келген Қазалы ауданының әкімі Нәжмәдин Шамұратов бастаған зиялы топ №24 мектеп жанынан ашылған мұражаймен танысты.
None
None

Олар алдымен ауылға кіреберістегі Асандар көтерілісінің құрбандарына арналып 2011 жылы қойылған ескерткішке аялдап, бабалар рухына құран бағыштады.

Тәуелсіздік алаңында орналасқан Бекарыстан бидің ескерткіші жанында да құран бағышталды. Алаңда салтанатты жиын өткізіліп, аудан әкімі Н.Шамұратов құттықтау сөз сөйледі: «Егемен ел атанғалы 24 жылдың ішінде қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтпек. Сондықтан да бұл Қазақ елі үшін тарихта қалатын ең маңызды мереке. Бүгінгі той - қатардағы көп тойлардың бірі емес. Бұл күн - біздің аталарымыздың сан ғасырғы армандарының жүзеге асып жатқан күні»,-деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, мерейтойға келген арнайы қонақтар белгілі жырау Алмас Алматов, «Ана тілі» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Нұрперзент Домбай құттықтау сөз сөйледі.

Жиналған жұртшылық жыршы-термешілердің өнерін тамашалап, астан дәм татты.

Соңғы жаңалықтар