Бекет ата жер асты мешітіне баратын жолға назар аударылғаны жөн - Мәжіліс депутаты

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Қазақстанда ұлтымыздың рухани байлығы болып табылатын көне ескерткіштер өте көп.
None
None

Солардың бірі қоғамдық маңызы жоғары, ұлтымыз үшін киелі орын болып есептелетін Маңғыстау облысында Оғыланды тауында орналасқан Бекет ата жер асты мешіті. Осы мәселені Палата отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаты Зейнулла Алшымбаев көтерді. Ол Көлік және коммуникациялар министрі Әбілғазы Құсайыновқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттың айтуынша, Бекет ата жер асты мешіті орналасқан жер халқымыз тәу ететін киелі орынға айналып, оған жылдың он екі айында зиярат етіп келушілер мен шет елдік туристер үзбей келетін бұқаралық орынға айналған.

«Келушілердің өте көптігіне байланысты, бұл жермен қалыпты автомобиль қарым-қатынасын жақсарту мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі автомобиль жолдарын салу және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен бөлінген трансферттік қаражат игеріліп жатыр. Атап айтқанда, жалпы құны 2,7 млрд. теңге құрайтын, іске асыру мерзімі 5 жылға жоспарланған «Қызыл сай-Шопан ата-Оғыланды» автожолы құрылысын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2009 жылға жоспарланған 690 млн. теңге қаражат толығымен игеріліп, 2010 жылға қарастырылған 266,1 млн. теңгеге артық құрылыс жұмыстары мердігер кәсіпорын қаражаты есебінен жүргізілді. Құрылыс салу мерзімін 3 жылда аяқтау жоспарланып отыр»,  деді депутат З.Алшымбаев.

Депутат министрден «Каспий энергетикалық Хабының» сыртқы инфрақұрылымдық құрылысы аясында автокөлік жолдары құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үшін бөлінген қаржыдан үнемделген 35,0 млн. теңге қаржыны қоса есептегенде республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 300,0 млн. теңге қаражат бөлуге немесе басқа да көздерден қаржыландыруға ықпал жасауын сұрады.

Соңғы жаңалықтар