«Бекіре-2009» операциясы барысында браконьерлер мен үстемелеп сатып алушылардан 22 тонна балық тәркіленді ? Атырау облысы

АТЫРАУ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында бекіре тұқымдас және басқа да балықтар мен олардың өнімдерін заңсыз аулау, айналымы және контрабанданы анықтау, алдын алу және болдырмауға бағытталған «Бекіре» операциясы аяқталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бекіре-2009» операциясы сәуірдің 10-ынан маусымның 1-іне дейін жүрді. Осы уақыт ішінде браконьерлер мен сатып алушылардан 22 тонна балық қайтарып алынды. Табиғат қорғау полициясының бөлім бастығы Қайыржан Нәзіровтың айтуынша, көктемгі балық аулау кезінде қоғамдық қауіпсіздік, тергеу, қылмыстық, жол, су және табиғат қорғау полициясы басшылары қатарынан жұмыс тобы құрылды. Жұмыс барысында 166 құқық бұзушылық, оның ішінде заңсыз балық аулаудың 93 фактісі, заңсыз сатып алу немесе сатудың 25 фактісі, балық және балық өнімдерін тасымалдаудың 48 фактісі анықталды. Заңсыз балық аулау және заңсыз сатып алу фактілері бойынша ішкі істер органы 55 қылмыстық іс қозғап, оның 45-інің тергеу өндірісі аяқталып, сотқа жіберілді. 83 әкімшілік хаттама толтырылып, 210 045 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Құқық бұзушылардан 22,7 тонна балық қайтарылып алынды, оның ішіндегі 1,4 тоннасы бекіре тұқымдас балық болып шықты, 415 аулау және 4 суда жүзу құралдары тәркіленді.
Соңғы жаңалықтар