Бельгияның Льеж қаласында өнер туындыларының қазақстандық көрмесі өтуде

ЛЬЕЖ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Наурыз айы бойы Бельгияны Льеж қаласында Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қатысуымен көрме өтуде.
None
None
Қазақстанның Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайы (Алматы) жәдігерлерінің көрмесін ұйымдастыру ісіне қазақстандық «Тау ісі» компаниясы мен оның бас директоры Әбдрайым Еділбаев ұйытқы болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көрменің ресми ашылуына Льеж қаласы мэрінің мәдениет жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Юпкенс, қала әкімшілігі мен жұртшылығының, іскер топтардың өкілдері, Қазақстанның және Ресейдің Бельгиядағы елшіліктерінің қызметкерлері қатысты. Льеж қаласы мэрінің орынбасары өз сөзінде: «Қазақстан мен Бельгия географиялық тұрғыдан бір-бірінен қашық орналасқан мемлекеттер және бүгінгі көрме бізге қазақстандық мәдениет туралы жақынырақ білуге мүмкіндік беріп отыр», деп атап көрсетті. «Қазақстан мен Бельгия тарихқа, мәдениет пен салт-дәстүрге бай елдер, олардың бір-бірінен айырмашылықтары көп болғанымен, дәл осы жайт олардың бірін-бірін тануына, өнер арқылы табысуларына негіз болып отыр», делінген Қазақстанның Уақытша сенімді өкілі Жан Ғалиевтің көрменің ашылуына орай ұйымдастырушыларға жолдаған құттықтауында. Қазақстан консулы Болат Өтеген Еуразия жағалауларын біріктірген жаңа жаңа көпір тұрғызғандары үшін - көрме ұйымдастырушыларына және көрсетіп отырған ыстық ықыластары үшін - Льеж қаласының өкіметіне алғыс білдірді.
Соңғы жаңалықтар