Бельгияның Льеж провинциясы Шығыс Қазақстан облысымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі

БРЮССЕЛЬ-ЛЬЕЖ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан Республикасының Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және өкілетті елшісі, Еуроодақ пен НАТО жанындағы миссияларының басшысы Ерік Өтембаевтың Льеж провинциясына жасаған сапары барысында бельгиялық аймақтың үкіметі Шығыс Қазақстан облысымен әртүрлі салада ынтымақтастық орнатуға деген мүдделіліктерін жеткізді.
None
None

Льеж үкіметінің вице-премьері Ж. Пир: «Шығыс Қазақстан облысын алып қарайтын болсақ, онда инфақұрылым мен көлік саласында облыс біздің провинциямыз сияқты дамыған. Валлон аймағы, соның ішінде Льеж провинциясы ШҚО-мен түйісу нүктесін тауып, тығыз ынтымақтастықта бола алады деп санаймын», - деді.

Льеж үкіметімен болған келіссөздер қорытындысы бойынша елші Е.Өтембаев Льеж ірі көлік-логистикалық орталық болып табылатындығын, қазақстандық тарабы мүдделі болып отырған Еуропаның ірі индустриалдық орталықтарына жақын орналасқандығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан дипломатиялық үкіметінің басшысы екі елдің мамандарының жаңа салалар, соның ішінде биотехнология саласы бойынша өзара ынтымақтастық мәселелерін зерттеу жөніндегі келісімге қол жеткізілгенін айтты. Сонымен қатар, Льеж индустриалды паркі мен Шығыс Қазақстан облысы технопаркінің арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыға түсті.

Соңғы жаңалықтар