Беларусь Астана қаласында ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге Қазақстанның кандидатурасын қолдауға әзір екендігін қуаттады - ҚР СІМ

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 17 қазанда Минск қаласында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенов Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Макеймен кездесті. 
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды спектрі бойынша мәселелер қозғалды. Қазақстан Президентінің Беларуське мамыр айындағы сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген екі ел президенттерінің уағдаластықтарын жүзеге асыру мен алдағы жоғары және жоғарғы деңгейдегі іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы В.Макей Беларусь Республикасы Астана қаласында мамандандырылған ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге Қазақстанның кандидатурасын қолдауға әзір екендігін қуаттады. 

Әңгімелесушілер екі ел өзара құрмет пен тепе-тең әріптестікке негізделген саяси, сауда-экономикалық және мәдени салаларда өзара ықпалдастықты жалғастыруға тұрақты қызығушылығын атап айтты. Бұл елдеріміздің Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконың саяси еріктерінің заңды нәтижесі болып табылады. 

Сондай-ақ Беларусь, Қазақстан пен Ресейдің Біртұтас экономикалық кеңістігі жұмысы, толыққанды шарт-құқықтық базаны қалыптастыру мәселелеріне қатысты сұрақтар талқыланды. 2015 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одақ құру бойынша мемлекет басшыларымыздың уағдаластықтарын жүзеге асыруға екі жақтан да бейілділік айтылды.

Соңғы жаңалықтар