Беларусь елі қазан айының соңында Елбасы Н.Назарбаевты сапармен келеді деп күтуде

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Беларусь елі қазан айының соңында Елбасы Н.Назарбаевты сапармен келеді деп күтуде. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлесіп өткізілген баспасөз мәслихатында айтты.
None
None

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге қазақ жерінде беларусь делегациясын достық пейілмен, ыстық ықыласпен қабылдағаныңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Таяу арада, шамамен 20 күннен кейін біз Сізді және сіздің әріптестеріңізді Беларусь аймағында осындай ыстық ықыласпен, шын ниетпен қарсы алу мүмкіндігіне ие боламыз», - деді А.Лукашенко.

Соңғы жаңалықтар