Беларусь елшілігінде қазақстандық 40 кәсіпкердің қатысуымен байланыс-кооперация биржасы болды

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - 25-29 қыркүйек аралығында Беларусь сауда өнеркәсіп палатасының Минск бөлімшесі мен Астана қаласы сауда-өнеркәсіптік палатасы қамқоршылығымен Беларусь Республикасы іскер топтары делегациясының Қазақстанның елордасына сапары өтуде.
None
None

Бұл туралы Беларусь Республикаының Қазақстандағы елшілігінің баспасөз баянында хабарланды.

Беларусь делегациясының құрамына ірі беларус сауда кәсіпорындарының ( «ГУМ» ААҚ, «ЦУМ Минск» ААҚ, «Универмаг Беларусь», «Брест орталық универмагы» ААҚ), сондай-ақ «Сивельга» ЖАҚ (г. Минск), «Легпромразвитие» ААҚ Бобруйск), «Вольна» ЖАҚ (Минск облысы), «Светлогор ТББ зауыты» ААҚ, ООО «ЖК-Нафтан» ЖШҚ (Новополоцк), «КТМ-2000» бірлескен кәсіпорны (г. Минск), «Полесьеэлектромаш» ААҚ (Лунинец) сияқты өндіруші кәсіпорындардың делегациялары кірді.

Сапар бағдарламалары ауқымында 27 қыркүйекте Қазақстандағы Беларус елшілігінде байланыс-кооперация биржасы өтті. Қазақстандық тараптан биржа жұмысына 40-тан астам кәсіпкер қатысты.

Олардың алдында Елші В.А.Брылев және БелСӨП Минск бөлімшесінің басшысы А.А.Федорчук құттықтау сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар мүдделеріне сәйкес екіжақты келіссөздер жүргізді, әріптестік қатынастар орнатылды, ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Байланыс-кооперация биржасы қазақстанндық бизнестің беларус іскер топтарымен өзара сындарлы іс-қимылды дамытуға мүдделілігін қуаттады, ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып берді.

Сапар ауқымында беларус делегациясы Астана қаласының сауда және өнеркәсіп нысандарымен танысады.

Соңғы жаңалықтар