Беларус-қазақстан бизнес форумы 2010 жылы Минскіде өтеді

деп хабарлады БЕЛТА агенттігі.
И.Петришенко Беларус пен Қазақстан барлық бағыттарда өзара іс-қимылды тиімді дамытып отырғанын атап көрсетті. Оның айтуынша, 2009 жыл екіжақты ынтымақтастықта серпінді кезең болды. Беларус-қазақстан қатынастарына жақында болып өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Минскіге сапары ерекше серпін берді. Осы сапардың қорытындылары екі елдің әріптестігінде жаңа кезең басталғанын айғақтайды. Кедендік одақты қалыптастыру жөнінде өзекті құжаттарға қол қойылды.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Беларус пен Қазақстан қабылдаған Жол картасы өзара іс-қимылды нығайта түсуде бірқатар шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етеді. Беларус бірлескен күш-жігермен бұл ұйымның жұмысын бұрынғыдан да тиімді етуге, бірлескен бірқатар бастамаларды жүзеге асыруға сенім артады.