Беларус пен Қазақстан екіжақты байланыстардың дамуының Жол картасы іс-шараларының жүзеге асу барысын талқылайды

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Өскеменде қыркүйектің 29-30-ы аралығында Беларус премьер-министрінің орынбасары Иван Бамбизаның және ҚР Төтенже жағдайлар министрі Владимир Божконың төрағалығымен сауда-экономикалық байланыстар жөніндегі Үкіметаралық беларусь-қазақстандық жетінші отырысы өтуде.
None
None

Бұл туралы БЕЛТА тілшісіне Беларус сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссия жұмысына Беларус тарапынан сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының, іскер топтар мен аймақтардың өкілдері қатысуда. Отырысқа қатысушылар Беларус пен Қазақстан екіжақты байланыстардың дамуының Жол картасы іс-шараларының жүзеге асу барысын, жаңа бірлескен жобаларды жасау мен оларды жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешен саласында байланыстарды одан әрі дамыту, аймақаралық байланыстар мәселелерін талқылайды.

Соңғы жаңалықтар