Беларусь Премьер-Министрі Қарағандыда индустриялық-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты

ҚАРАҒАНДЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат -Өткен демалыста Қарағандыға Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясникович бастаған делегация ресми сапармен келді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Делегация құрамына бірқатар министрлік басшылары, Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, Беларусь Республикасы министрлер кеңесі аппаратының қызметкерлері және басқа да ресми тұлғалар кірді.

Қонақтарды облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов қарсы алды. Беларусьтан келген делегация Қарағандыда индустриялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылатын бірқатар кәсіпорындарды аралады.

Атап айтқанда, «Борусан Макина Қазақстан» ЖК ЖШС Caterpillar маркасының ауыр техникасына қызмет көрсету бойынша сервис орталығы таныстырылды.

«Құны 30 млн. АҚШ доллары тұратын бұл жоба Индустрияландыру картасына енгізілді. Аталмыш жобаны іске қосқаннан кейін «Борусан Макина Қазақстан» Қарағандының өзінде агрегаттарды қалпына келтіріп, оларды тексере алады, бұл өз алдына тапсырыс берушілерді импортқа тәуелділіктен бас тартуға септігін тигізеді»,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұдан кейін меймандар «ҚазБелАЗ БК» ЖШС қазақстан-беларусь бірлескен кәсіпорнын аралады. Бұл жоба да Индустрияландыру картасына енгізілген. Қазақстан тарапынан оның қатысушылары -  «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мен «Астана БелАЗ сервис К» ЖШС, ал Беларусь тарапынан «БелАЗ» ААҚ болып табылады.

«2010 жылдың жазында іске қосылған жобаның құны 70 млн. АҚШ долларынан асады, 100 жұмыс орны құрылған. Қазіргі уақытта тапсырыс берушімен 2013 жылға жөндеу жұмыстарының көлемі мен қосымша бөлшектердің жеткізілуі келісілуде», - деп хабарланды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Беларусь делегациясы Қарағандыға жасаған жұмыс сапарының соңында «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингін аралады.

Соңғы жаңалықтар