18:25, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
Беларусь Президенті жұмыс сапарымен Астанаға келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Президенті Александр Лукашенко жұмыс сапарымен Астанаға келді. Мәртебелі мейманды ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов қарсы алды.

Бұған дейін хабарланғандай, А.Лукашенко Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының қазіргі мәселелері қарастырылып, оның бірқатар мемлекеттермен сауда саласындағы өзара ықпалдастығының дамуына қатысты мәселелер талқыланады.