17:01, 10 Тамыз 2010 | GMT +5
Беларусь, Ресей мен Қазақстанның сарапшылары Кеден одағының санитарлық шаралары туралы келісімнің жүзеге асырылуын талқылады
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Кеден одағының санитарлық шаралары туралы келісімінің жүзеге асырылуына қатысты мәселелерді Ресей тұтынушылар бақылауы, Беларусь денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Мемлекеттік санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитетінің басшылары, аймақтық органдардың мамандары тамыздың 9-ында Минскіде өткен кеңесте талқылады.

Бұл туралы БЕЛТА хабарлайды.
Кездесу барысында Кеден одағының сыртқы шекарадағы санитарлық-карантиндік бақылаудың келісімдік-құқықтық базасының қолданылуы және үш елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерінің жұмысын үйлестіру мәселелері, сонымен қатар, санитарлық-карантиндік бекеттер қызметіне, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беруге қатысты жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері әңгіме өзегіне айналды.