Беларусь, Ресей және Қазақстанның көлік ведомстволары сырттан әкелінетін жүк және жолаушы көліктеріне нөлдік баж салығын белгілеуді ұсынуда

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Беларусь, Ресей және Қазақстанның көлік ведомстволары халықаралық автокөлік тасымалдары үшін Еуро-5 және одан жоғары стандарттағы жүк және жолаушы тасымалдаушы көлік құралдары үшін нөлдік кірме баж салығын белгілеу туралы ұсыныспен Кедендік одақ комиссиясына өтініш жасауды жоспарлап отыр.
None
None

ТМД-ның Үйлестіруші Көлік кеңесі Автомобиль көлігі жөніндегі кеңес мәжілісінің қорытындысы бойынша осындай келісімге қол жеткізді, деп хабарлады Беларусь елінің Ресейдегі елшілігінен.

Тараптар халықаралық автокөлік тасымалдары үшін еуро-5 және одан жоғары стандарттағы жүк және жолаушылар көліктеріне нөлдік кірме баж салығын белгілеу туралы шешімнің қабылдануы туралы өтінішті Кеден одағының комиссиясына әзірлеуге келісті. Бұл мәселе Кеден одағының үш елі үшін де өзекті.

Сондай-ақ Достастық елдерінде автомобиль құралдарын дамыту жөніндегі шешімдер келісілді. Беларусь, Ресей Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігі аясында халықаралық автокөлік тасымалдарын орындау кезіндегі процедураларды оңтайландыру жөніндегі бірлескен шараларды қабылдау мәселесі қаралды.

Соңғы жаңалықтар