19:57, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Беларустің Қазақстандағы Ұлттық көрмесіне 130-дан астам кәсіпорын қатысады ? «БЕЛТА» агенттігі
МИНСК. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат – Астанада маусымның 3-і мен 6-сы аралығында өтетін Беларустің Қазақстандағы «Беларусь ЭКСПО-2009» V Ұлттық көрмесіне 130-дан астам кәсіпорындар мен ұйымдар өз өнімдерін ұсынады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.Көрмеге келушілердің назарына белорустық өндірістің кең көлемді өнеркәсіптік және тұтынушылар тауарлары ұсынылатын болады. Ауыл шаруашылығы және азық-түлік, білім беру, сәулет және құрылыс министрліктері, «Белмұнайхимия», «Белжеңілөнеркәсіп» және «Белорманқағазөнеркәсібі» концерндері, Ғылым және технологиялар жөніндегі мемлекеттік комитет, Беларус Ұлттық Ғылым академиясы ірі экспозицияларын ұсынады. Көрмеге қатысуға экономиканың өнеркәсіп, көлік және отын-энергетика салалары кеңінен атсалысады. «БеларусьЭКСПО-2009» экспозициясының жалпы алаңы 1,4 мың шаршы метрді құрайды.Көрменің бағдарламасында Беларустың ғылыми-техникалық әлеуетінің таныстырылымын өткізу жоспарланған. «Көлік саласындағы ынтымақтастық» деген тақырыпта «дөңгелек үстел», «Белмемтамақ өнеркәсібі» концерні мен Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі кәсіпорындары өнімдерінің дәмін тату ұйымдастырылады, екі ел іскер топтары өкілдерінің кездесулері өткізіледі .