Белгілі жазушы Қайыр Құрақұлан 75 жасқа толды

ОРАЛ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Белгілі қаламгер, 1982 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Орал қаласында тұратын Қайыр Құрақұлан (шын аты-жөні - Қайыр Құрақұлы Бектұрғанов) 75 жасқа толды.
None
None

Ол 1937 жылы 5 наурызда Ақ Жайықтың Тайпақ өңірінде Махамбет Өтемісұлының қабірін тауып берген Құрақ ақсақалдың қасиетті шаңырағында дүниеге келді. 1960 жылы ҚазПИ-ді бітіргеннен негізінен Орал қаласындағы жоғары оқу орындарында, көп жыл Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында математика пәнінен дәріс берді. 1976 жылы «Ат жалы» повесі үшін «Жалын» баспасының республикалық жабық бәйгесінің жүлдегері атанған қаламгер әр жылдары «Бабаназар терегі», «Ізгілік жолы», «Қатерлі қияда», «Ақ кемер» атты кітаптар шығарды. Кейінгі жылдары «Керітолғау», «Қатқақ», «Ат жалы» деп аталған көптомдығы оқырмандарға жол тартты.

Әлі күнге дейін қаламын суытпаған жазушының шығармалары мерзімді баспасөзде де жарияланып келеді.

Соңғы жаңалықтар