16:55, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Белгілі жазушы М.Есләмғалиұлының «Дүбірлі дала» атты жаңа кітабы жарық көрді
ОРАЛ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мұқадес Есләмғалиұлының «Дүбірлі дала» атты жаңа кітабы Оралдағы «Ағартушы» баспасынан жарық көрді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сырым ауданында дүниеге келіп, Алматы қаласында өмірден өткен қаламгердің бұл жинағы «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясымен басылып отыр. Оған жазушының негізінен Ақ Жайық өңіріне қатысты туындылары енгізілген. Соның ішінде «Қара телефон», «Ақшолақ», «Аққу сазы», «Зерлі тон», «Екінші тыныс» сынды оқырмандарға бұрыннан таныс шығармалары бар.
Өз заманы мен адамдары жөнінде көркем әңгімелермен қатар көлемді туындылар қалдырған жазушы тарихи тақырыптарға да қалам сілтеді. Бұған өмірінің соңғы жылдарында бастырып үлгерген «Әйтеке би» романы дәлел.