Белгісіз біреу терезе арқылы Шу қалалық қылмыстық атқару инспекциясының ғимаратына кірген

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін түнде белгісіз біреу Жамбыл облысының Шу қаласындағы қылмыстық атқару инспекциясының ғимаратына терезе арқылы кірген.
None
None

Қызметтің күшейтілген тәртібіне байланысты бұл уақытта жұмыс орнында қылмыстық атқару инспекциясының қызметкері, әділет аға лейтенанты Бағдан Бибазаров кезекшілік етті. Ол сырттан енген ер адамды бірден аңғарған. Ұры өз кезегінде табанын жалтыратуға тырысты.

Бірақ қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне кандидат қызметкер үшін «түнгі мейманды» құрықтау еш қиындық тудырмады. Ол полицияның жергілікті бөлімшесіне жеткізілді.

Мемлекеттік мекеменің аумағына заңсыз кіру фактісі бойынша тексеру жұмыстары қолға алынды.

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар