Бергей Рысқалиевтің ісі бойынша қолма-қол ақшаға айналдырылған мемлекет қаражатының көлемі аталды
Оның бір мысалы ретінде «СнабОйлСтрой» ЖШС келтірілді, оның басшысы Айбат Сүлейменовке мемлекетаралық іздеу жарияланған.
«1С бухгалтерия» мәліметтері бойынша 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде «СнабОйлСтрой» ЖШС кассасынан «Гарант Ойл» ЖШС-ның - 770 000 000 теңге, «Самал-2007» ЖШС-ның - 173 200 000 теңге, «Смарт Строй НСК» ЖШС-ның - 172 900 000 теңге, «Орбита-1020» ЖШС-ның - 89 000 000 теңге, «Регион» ЖШС-ның - 759 000 000 теңге, «Гурон Плюс» ЖШС-ның - 834 000 000 теңге, «Көкше Азимут-2030» ЖШС-ның - 101 400 000 теңге, «Рим-Строй» ЖШС-ның - 344 000 000 теңге, «Магнат-Петропавл» ЖШС-ның - 931 000 000 теңге ақша қаражаттары қолма-қол берілген. Алайда бухгалтерлік құжаттарда аталған соманың шығын-кассалық ордерлері болмай шықты», - деп хабарлады сотта мемлекеттік айыптаушы.
Еске сала кетейік, экс-әкім Б.Рысқалиевтің командасы мемлекетке 70 млрд. теңгеден астам залал келтірді деп айыпталуда. Сотталушы орындығында әкімнің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукенов пен Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керимов бастаған 22 адам отыр.