Берік Тынышбаев Жетісу облысы Ақсу ауданының әкімі болып тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысы әкімінің өкімімен Берік Тынышбаев Ақсу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: gov.kz

Берік Тынышбайұлы Тынышбаев 1974 жылы туған. Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені ауыл шаруашылығы институтын ғалым «агроном», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Ақсу ауданындағы «Бүйен» ауылшаруашылығы кооперативінде бас экономист болып бастаған. Кейін Ақсу ауданы әкімінің аппаратында бас маман, аудан әкімінің көмекшісі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, басшысы, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары, «Жақсылық» шаруа қожалығы басшысының орынбасары болды.

Ақсу аудандық мәслихатының VI, Жетісу облыстық мәслихатының VII, VIII шақырылымының депутаты.

2014 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейін Ақсу ауданындағы «Алихан» шаруа қожалығының басшысы болды.


Соңғы жаңалықтар