Берлин - Астананың Еуропадағы негізгі әріптесінің бірі

Кездесуде Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылы ақпан айында Берлинге барған іссапарының маңыздылығын атап өтті. Сол сапар барысында Қазақстан мен Германия арасындағы мемлекетаралық байланысты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар келісімдер мен құжаттарға қол қойылды.
Қазақстан мен ГФР арасындағы екі жақты өзара байланыстың дамуынан стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілгенін анық байқауға болады. Бүгінгі таңда Берлин - Астананың Еуропадағы негізгі әріптесінің бірі. Ал Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы сенімді экономикалық әріптесі екені анық.
Тараптар қос мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды бір саласы болып табылатын парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жайлы ортақ пікір білдірді.
Сондай-ақ, сұхбат барысында «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы мен Германияның Христиандық-демократиялық Одағы Христиандық әлеуметтік Одағының блогы арасындағы өзара белсенді байланыстары туралы мәселе қозғалды. «Нұр Отан» партиясы ГФР-ның Қазақстанда тіркелген бірқатар халықаралық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатып отыр.
Тараптар алдағы уақытта екі елге де тиімді ынтымақтастық байланысты дамыту қажеттігі жөнінде сенім білдірді.