Берлинде «2010 жылы ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуі» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

МАГДЕБУРГ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Қазақстанның Герман Федеративтік Республикасындағы елшілігінен біздің тілшімізге хабарлағандай,
None
None
2009 жылғы маусымның 2-інде Берлинде «Қазақстанның Германиядағы жылы» ауқымында Германияның сыртқы саясат қоғамдастығымен (Deutsche Gesellschaft für Aussenpolitik) бірлескен «2010 жылы ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуі» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Конференцияда ГФР Бундестагының депутаты, «Германия ? Орталық Азия» парламенттік тобының мүшесі Манфред Грунд, ГФР Сыртқы істер министрлігінің Орта Азия және Кавказ елдері департаментінің жетекшісі Йоханнес Регенбрехт, неміс және қазақстандық жетекші сарапшылар мен талдаушылар, солардың қатарында ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов, тәуелсіз сарапшы Мұрат Лаумуллин, Германия сыртқы саясат қоғамдастығының директоры Александр Рар, «Ғылым және саясат» қорының ғылыми қызметкері Андреа Шмитц, Германия экономикасы Шығыс комитетінің директоры Мартин Хоффман баяндамалар жасады. Қазақстанның ГФР-дағы Елшісі Нұрлан Оңжанов өз баяндамасында Қазақстанның даму серпініне, елдің экономикалық-саяси дамуының негізгі стратегиялық мақсаттарына және Еуропа Одағы мен ЕҚЫҰ өзара қатынастарының қорытындысына баса назар аударды. Дипломатиялық миссия басшысы ҚР Үкіметінің 2010 жылы еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа әзірлігіне қатысты шаралары және «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы турпалы айтып берді. Конференцияда сөз сөйлеген неміс дипломаты Й. Регенбрехт, Бундестаг депутаты М.Грунд, ҚСЗИ директоры Б.Сұлтанов және Германия экономикасы Шығыс комитетінің директоры М.Хоффман Қазақстанның еуразиялық құрлықтағы орнына, «Еуропа мен Азия арасындағы көпір» рөлін атқарып отырған маңызына ерекше тоқталып өтті.Пікірсайыста оған қатысушылар Қазақстанның белсенді дамуы жөнінде тың мағлұматтар алып, оның алдағы ЕҚЫҰ төрағалық етуі, ұйымды одан әрі дамытуға негіз болар негізгі басымдықтағы мәселелер туралы деректерге қанықты.
Соңғы жаңалықтар