Берлинде Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 4-ші мәжілісі өтеді

амырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Мамырдың 6-сында Берлинде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 4-ші мәжілісі өтеді.
None
None

Оған қазақстандық делегацияны Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау бастап барады. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәжіліс аясында тараптар экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы келісімшарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды», деді бүгін Астанадағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар