Берлинде қазақстандық дипломаттар жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

БЕРЛИН. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Жеңіс күніне орай Берлиндегі Бранденбург қақпасы маңайында Рейхстаг ғимаратының жанында кеңестік азат етуші жауынгерлер ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
None
None

Осы мемориалдық кешеннің бауырластар моласында Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Берлин үшін шайқаста және Рейхстагты алу кезінде қаза тапқан мыңдаған солдаттар мен офицерлер жерленген. Соғыстың ең соңында Берлин майданында қызыл әскер 20 мыңнан астам жауынгерінен айырылды.

Жеңістің 68 жылдығына орай салтанатты рәсімге ҚР-дың ГФР-дағы елшісі Нұрлан Оңжанов қатысты. Сондай-ақ іс-шараға ТМД елдерінің, басқа шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары және қызметкерлері, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, Берлин муниципалитетінің, неміс қоғамдық-саяси ұйымдарының өкілдері, бундесвердің әскери қызметшілері қатысты.

Германия билігі сұрапыл соғыста қаза болғандар, соның ішінде нацизм құрбандары жөнінде естен шығармауға басты назар аударады.

Соңғы жаңалықтар